«Жастар және қазіргі заманғы ғылым» тақырып бойынша дебат турнирі

29.04.2021

2021 жылдың 28 сәуірінде «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бірлесе Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Жастар ғылымы - 2021» апталығы аясында «Жастар және қазіргі заманғы ғылым» тақырыбында студенттердің коммуникативтік және кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында дебат турнирін өткізді.

«Парламенттік пікірсайыс» іскерлік ойынына Солтүстік Қазақстан облысының кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары студенттерінен мемлекеттік және орыс тілдерінде құрылған командалар шақырылды. Турнирге барлығы 16 команда қатысты:

  1. Петропавл қаласы, машина жасау колледжінен» «Шторм»,«Северный ветер» командалары;
  2. «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешеннің «Сұңқар» командасы;
  3. «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінен» «Батыр», «Жастар», «Болашақ», «Орлы» командалары;
  4. Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің «Жұрттың балалары» командасы;
  5. «Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінен» «Комета», «Племя Леди» командалары;
  6. "Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі" мемлекеттік емес білім мекемесінен - «Уникум» командасы;
  7. «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжден» - «Мағжан атамыздың ұлағатты жас ұрпағы», «Лидеры» командалары;
  8. «Байкен Әшімов атындағы теміржол транспорты колледжі» - «Движение», «Сигнал»;
  9. «Гуманитарлық техникалық колледж» - «Квартал».

Командалар пікірталасын арнайы шақырылған төрешілер бағалады, қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: мемлекеттік тілде пікірталасқа қатысқан командалар арасынан «Болашақ» командасы (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж) турнир жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен марпатталды. «Үздік спикерлер» номинациясы бойынша Құлжан Дарын (Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж) және Дүйсенбина Ұлданаға (Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж) арнайы диплом табысталды.

Орыс тілінде ойнаған командалар арасынан «Уником» командасы ("Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі" мемлекеттік емес білім мекемесі) турнир жеңімпазы атанып, І дәрежелі дипломмен, «Жұрттың балалары» (Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі), «Лидеры» (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), «Племя леди» («Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі») командалары «Үздік команда» дипломдарымен марапатталды. «Үздік спикерлер» номинациясы бойынша Романюк Тимофейге (М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж), Мержан Дамежанға ("Солтүстік Қазақстан университетінің колледжі" мемлекеттік емес білім мекемесі), Нисюбик Анастасияға («Искандер Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжі») арнайы дипломдар табысталды. Барлық қатысушы командаларға сертификаттар табыс етілді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст